Бүгін ҚР Кубогының жеребе тарту рәсімі өтеді

Бүгін ҚР Кубогының жеребе тарту рәсімі өтеді

Сәрсенбі, 22-ші ақпан, Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының кеңсесінде ҚР Кубогы-2017 алдын-ала кезеңінің жеребе тарту рәсімі өтеді.  

Жеребе тарту кезінде клубтар 2016 жылдың қорытындысы бойынша үш себетке бөлінеді.

1 себет: «Жетісу», «Алтай», «Қызыл-Жар СК»;

2 себет: «Мақтаарал», «Каспий», «Екібастұз»;

3 себет: «Қыран», «Рузаевка».

Айта кету керек, шымкенттік СДЮШОР № 7 автоматты түрде А тобына түседі. Себебі, команда 8-ші сәуір күні екінші лигадағы ойын өткізуі тиіс. 

Регламентке байланысты ҚР Кубогының алдын-ала кезеңіне: «Қайрат А», «Шахтер-Болат» және «Байқоңыр» командалары қатыспайды. Себебі, бұл командалар  «Қайрат», «Шахтер» және «Қайсар» клубтарының құраманы кіреді. Регламент бойынша, бір заңды тұлғаға тиесілі екі команда бір турнирге қатыса алмайды. 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или