Каньяс АПОЭЛ сапында толыққанды матч өткізді

Каньяс АПОЭЛ сапында толыққанды матч өткізді

Колумбиялық жартылай қорғаушы Рохер Каньяс Кипр чемпионатында АЭЛ-ға қарсы АПОЭЛ сапындағы екінші ойынын өткізді.

Каньястың ойында нәтижелі соққымен көзге түспегенімен, «АПОЭЛ» 3:0 есебімен басым түсті. Бірінші ойында Каньяс бар болғаны 77-ші минутта алаңнан бой көрсеткен болатын. Каньяс жаңа клубқа қаңтар айының соңында  ауысты және мамыр айына дейін осы клубта бағын сынамақ. Рохер Каньясқа қатысты құқықтар «Астана»-ның еншісінде, колумбиялық футболшы елордалық клубпен 2018 жылдың соңына дейін келісімшарт жасасқан.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или