Төреші видеоқайталауды көрген соң Давид Вильяны алаңнан қуды

Төреші видеоқайталауды көрген соң Давид Вильяны алаңнан қуды

«Нью-Йорк Сити» шабуылшысы Давид Вилья «Хьюстон Динамомен» болған жолдастық кездесуде алаңнан қуылды.

Бірінші таймның соңында Эй-Джей Делагарсаға қол сілтегені үшін сары қағаз алған болатын. Алайда, төреші видеоқайталауға жүгінгеннен соң Вильяға қызыл қағаз көрсетуді жөн деп тапқан, деп хабарлайды goal.com.

Кездесу 3:1 есебімен «Нью-Йорк Ситидің» жеңісімен аяқталды. Давид Вилья алаңнан қуылмай тұрып бір гол соғып үлгерген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или