Тони Шапрон: «Балотеллиді тіл тигізгені үшін алаңнан қудым»

Тони Шапрон: «Балотеллиді тіл тигізгені үшін алаңнан қудым»

«Лорьян» - «Ницца» кездесуінің бас төрешісі Тони Шапрон Балотеллиді не себептен алаңнан қуғанын айтты.

44 жасар француздық төреші Балотеллиге жай ойын жағдайында қызыл қағаз көрсеткен болатын. Алайда қызыл қағаз италияндық ойыншының аузынан шыққан сөзі үшін берілген болып шықты.

- Балотелли маған ағылшын тілінде тіл тигізді. Оның айтқан сөздерінің бәрін айтып жатқым келмейді, бірақ ол бәрі білетін былапыт сөз айтты, - дейді Тони Шапрон.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или