«БИИК-Қазығұрт» даниялық клубтан ұтылды

«БИИК-Қазығұрт» даниялық клубтан ұтылды

«БИИК-Қазығұрт» футбол командасы даниялық клубқа есе жіберді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Түркиядағы ОЖЖ-да «БИИК-Қазығұрт» даниялық БСФ командасымен кездесіп, жеңіліп қалды. Кездесудегі есеп – 6:5. «БИИК-Қазығұрт» қатарынан Гүлнара Габелия үш гол, Карина Жұмабайкызы мен Бегайым Қырғызбаева бірден гол соқты. Ал шымкенттік клуб қақпасына Мишель Мадсен (2), Саския Соннеберг (2), Криста Енсен (1) және Сара Янковска (1) гол соқты.

Естеріңізге салсақ, «БИИК-Қазығұрт» командасының ОЖЖ-ы 11-ші ақпан мен 10-шы наурыз аралығында өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или