Жазда «Барселона» Дракслердің орнынан Гомешті алған

Жазда «Барселона» Дракслердің орнынан Гомешті алған

Don Balon ақпаратына сәйкес, «Барселона» жазғы трансфер кезінде сол кездегі «Вольфсбург» ойыншысы Юлиан Дракслерге қызығушылық танытқан.

Кейін клуб ойлана келе оның орнына 35 млн еуроға «Валенсия» ойыншысы Андре Гомешті алуды жөн деп тапқан. Алайда, Гомеш әлі күнге дейін клуб артқан сенімді ақтай алмай келеді.

Естеріңізге салсақ, Чемпиондар лигасында ПСЖ мен «Барселона» кездесіп франциялық клуб 4-0 есебімен жеңіске жетті. Юлиан Дракслер дәл қазір осы ПСЖ клубының ойыншысы болып табылады. Сол ойында ол кездесудегі екінші голды соқты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или