Санчес «Арсенал» басшылығына клубтан кеткісі келетінін мәлімдеді
Алексис Санчес Италияның А сериясына қайта оралғысы келеді.
«Арсенал» шабуылшысы Алексис Санчес клубтан кеткісі келеді. Football Italia ақпаратына сәйкес, ол бұл ойын клуб басшылығына жеткізген. Ол бұрын өзі ойнаған Италияның А сериясына қайтып оралғысы келеді. Футболшыны өз қатарынан көргісі келетін клубтар қатарында «Ювентус» пен «Интер» бар. Ойыншы мен клуб арасындағы келісім шарт 2018-ші жылы аяқталады.
Бұдан сәл ертерек Чемпиондар лигасында «Арсенал» «Бавариядан» ірі есеппен ұтылған соң Алексис Италияға барған болатын. <br />Биылғы маусымда Алексис Санчес «Арсенал» үшін барлық турнирлерде 33 ойынға қатысып, 20 гол соққан.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или