ҚБФ жыл қорытындысы бойынша үздік атанды

ҚБФ жыл қорытындысы бойынша үздік атанды

ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы 2016 жылды қортындылап, жылдың үздіктерін марапаттады, деп хабарлайды қазақстандық басылымдар.

Марапаттау рәсімі Астанадағы «Қазмедиа» орталығында өтті. Шарада өткен жылдың үздік спортшылары, жаттықтырушылары, дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандар, дене шынықтыру-спорттық ұйымдары марапатталды. Атап айтқанда, «Үздік спорттық өңір» номинациясы Астана қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасына берілді. «Аудандық үздік дене шынықтыру және спорт бөлімі» номинациясы бойынша Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі жеңімпаз атанды.«Жылдың үздік спорт федерациясы» аталымында жеңімпаз Қазақстанның бокс федерациясы болды. «Жылдың үздік ауыл жаттықтырушысы» атағын Сүлайманов Әлімжан Рахымжанұлы жеңіп алды. Ол 2008 жылдан бастап мүмкіндігі шектеулі спортшылармен қосымша жұмыс жасай бастаған. 2011 жылдан бері Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы «Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубы» МКҚК-да жаттықтырушы-оқытушы болып жұмыс істеуде. «Дене шынықтыру және спорт саласындағы үздік маман» номинациясы бойынша Максимова Наталья Геннадьевна марапатталды. Ол Спорттық медицина және оңалту орталығында массаж жасаушы. «Спорттың ауылдық жердегі үздік нұсқаушы-әдіскері» аталымында Мұхамбеталин Қази Кажығалиұлы үздік атанды.

Айта кетейік, мәдениет және спорт минситрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Рио олимпиадасындағы боксшыларымыздың нәтижесін ерекшк атап өтті.

Естеріңізге салайық, Рио олимпиадасында боксшыларымыз бір алтын, екі күміс, екі қола медаль иеленіп, жалпы командалық есепте төртінші орынды иемденді.

 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или