Олимпиада жүлдегерлері уәде етілген пәтерден үміт үзді
Уәде етілген бір бөлмелі пәтерді әйелдер күресінің шебері Екатерина Ларионова былтырғы жылдың кузінен күтуде, деп хабарлайды қазақстандық басылымдар.

Екатерина Ларионованың әкесі және бапкері Алексей Ларионовтың айтуынша, үкімет беретін пәтерін көрсетті бірақ кілтін әлі бермеді.

— 9-шы ықшам ауданында берілген пәтерге Катя әлі кіре алмай отыр. 2016 жылдың күзінен бері сылтау айтып келеді. Әкімшілік нақты мерзімін айтпай отыр.

Облыстық мәдениет және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Динара Есенғалиеваның айтуынша, олимпиады жүлдегерлеріне пәтер беру мәселесі облыс әкімі Алтай Күлгіновтың бақылауында түр.

— Қаржы мемлекеттік бюджеттен бөлінеді. Бүгінгі таңда олимпиада жүлдерлерінің ешқайсысы уәде етілген пәтерін алған жоқ.

Айта кетейік, олимпиаданың «алтыны» үшін спортшыларымызға 3 бөлмелі пәтер, «күміс» — 2 бөлмелі, ал «қола» медаль үшін — бір бөлмелі пәтер берілуі тиіс.