Марадоннаның қонақ үйіне полицейлер келді
Мадрид полицейлері Диего Армандо Марадонна тұрақтаған Eurostar Suites Mirasierra қонақ үйде тінту жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды Marca басылымы.
Дерккөздің айтуынша, Роки Оливиа ханымға Марадонна шабуыл жасаған. Полицейлер таңертең 8:20 хабарлама алып, әйгілі футболшы мен серіктесі Оливиа тоқтаған қонақ үйді тексеріп, екі хашықты тергеген.
Ал Оливиа полицейлерге шағымданбағанын айтып ақталуда.
Испания заң қызметкерлерінің пікірінше, Марадонна мен Оливиа марихуана қолданып, нашаның қатты әсерінде болған.
Айта кетейік, «құдайдың қолы» атанып кеткен тірі аңыз Мадридке Чемпиондар лигасының 1/8 финалында «Наполи» командасына қолдау көрсетуге келген.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или