Қазақстан жастар құрамасы Түркияда оқу-жаттығу жиынын бастады
Футболдан Қазақстан жастар құрамасы ақпанның 13-і мен 24-і аралығында Түркияның Анталия қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізеді.
ОЖЖ аясында жерлестеріміз үш жолдастық матчқа қатысады. Қарсыластарыз «Оренбург» (17 ақпан) және «Ростов» (20 ақпан). 23 ақпан күні өтетін ойынның қарсыласы кейін анықталады.
Бапкерлік құрам оқу-жаттығу жиынға мына футболшыларды шақырды:
Қақпашылар: Дмитрий Колбунцов («Алтай»), Сұлтан Бұсырманов («Тобыл»). Тимурбек Закиров («Қызылжар»);
Қорғаушылар: Карам Сұлтанов («Қызылжар»), Әлібек Қасым («Қайрат»), Әділет Кеңесбек («Тараз»), Бекзат Шадманов («Тараз»), Арман Әліпбек («Ордабасы»), Александр Соколенко («Қызылжар»), Сұлтан Әбілғазы («Оқжетпес»), Айбол Әбікен («Қайрат»);
Жартылай қорғаушылар: Самат Шәмші («Ордабасы»), Дәулет Зайнетдинов («Астана»), Бекзат Қабылан («Каспий»), Дидар Жалмұқан («Астана»), Игорь Бойчук («Ақтөбе»), Иван Антипов («Ақжайық»), Максим Гладченко («Қайрат»), Геворг Наджарян («Астана»), Рашид Люхай («Қайрат»);
Шабуылшылар: Владислав Васильев («Шахтер»), Вячеслав Путинцев («Шахтер»), Максим Федин («Оқжетпес»), Юрий Перцух («Ақжайық»), Рифат Нұрмағамбет («Жетісу»);