Маркос Пиззелли «Ақтөбені» сотқа берді
«Ақтөбе» футбол клубын команданың бұрынғы ойыншысы сотқа берді. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.
Бразилиялық Маркос Пиззелли бір жылдық жалақысын даулап жүр. Оған клубтың берешегі 64 миллион теңгеден асып кеткен.
Екі жыл «Ақтөбе» сапында ойнаған Пизелли алғашқыда 60 мың доллар айлық алып отырыпты. Онымен қоса ай сайын он бес мың доллар сыйақы тағайындалған. Бірақ 2015 жылы жалақы төлеу тоқтапты. Енді оны сот арқылы өндіруді көздеп отыр.
Бразилиялық футболшы «Ақтөбе» клубының үстінен сотқа алғаш арызды жазда түсірген-ді. Бірақ ол кезде судья өзара мәмілеге келуге кеңес беріп, шағымын қарамаған болатын. Ал бұл жолы алашағын даулаған Пиззеллидің өзі сотқа келмеді. Орнында тек адвокаты жүр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или