Серхио Рамос: «Реал» Чемпиондар лигасын тағы да ұтуы мүмкін»
«Реалдың» қорғаушысы Серхио Рамос Чемпиондар лигасындағы «Миланның» ерлігін қайталағысы келетінін жасырмады.
15 ақпан күні мадридтік ұжым Чемпиондар лигасының 1/8 финалының аясында «Наполимен» кездеседі.<br /><br />
«Реал» «Миланның» ерлігін қайталайды деген үміттемін. Екі жыл қатарынан Чемпиондар лигасын ұту өте керемет болар еді. Біз қазір аталмыш жарыстың жеңімпазымыз. Әр қарсыласымызға сыйластықпен қарап, ұтуға тырысамыз», – деді Рамос.
Айта кетейік, италиялық «Милан» клубы 1989 және 1990 жылы Чемпиондар лигасын екі жыл қатарынан ұтқан. Содан бері еш бір еуропалық клуб осы нәтижеге қол жеткізген жоқ.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или