Политыло: «Басқа да қазақстандық клубтардан ұсыныс болды, бірақ мен «Оқжетпесті» таңдадым»
«Оқжетпестің» жаңа ойыншысы Сергей Политыло көкшетаулық клубтың баспасөз-қызметіне сұхбат берді.
- «Оқжетпеске» қалай ауыстыңыз?
- «Днепрмен» келісімім аяқталды, содан кейін көкшетаулық командадан ұсыныс түсті. Жиынға байқауға келіп, өзімді мықты қырынан көрсете алдым.
- Командада бәрі ұнайды ма?
- Жаттығу үдерісі ұнады. Бас бапкер комбинациялық футболды жақсы көреді. Командада мені жылы қарсы алды. Саня Чижов маған көп көмектесуде.
- Сізді басқа да қазақстандық клубтар шақырды деп естідік...
- Иә, рас. Бірақ қазір бұл маңызды емес, мен - «Оқжетпестің» ойыншысымын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или