Нұрлан Даиров: «Маған «Оқжетпестің» ойын стилі ұнайды»

Нұрлан Даиров: «Маған «Оқжетпестің» ойын стилі ұнайды»

«Қайраттан» «Оқжетпеске» жалға берілген Нұрлан Даиров көкшетаулық командаға ауысқанына қуанышты екенін айтты. 

- «Оқжетпеске» қалай ауыстыңыз?

- «Қайраттың» бірінші оқу-жаттығу жиынында жарақат алып қалдым, кейін Алматыда емделдім. Содан соң маған екі командадан ұсыныс түсті. Мен ойланбастан «Оқжетпесті» таңдадым. 

- Неліктен?

- Маған көкшетаулық команданың ойын стилі ұнайды.

- Жаңа командада сені қалай қарсы алды?

- Мені жылы қарсы алды. Мұндағы жаттығулар қызық, көбінде доппен жаттығамыз. Ертең польшалықтарға қарсы жолдастық кездесу. Мені алаңға шығарып жатса, бар өнерімді көрсетуге дайынмын. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или