Александр Емельяненко үлкен спортқа оралды
Ресейлік файтер Александр Емельяненко шешенстандық «Ахмат» клубының жекпе-жек шеберлері өнер көрсететін WFCA промоушенімен келісімшартқа отырды. Келісім бойынша Александр үш кездесу өткізеді. <br /><br />
«Қуанышты хабар! Бүгін WFCA лигасы ММА-дің аңызы, бірнеше дүркін Ресей чемпионы, жауынгерлік самбодан Еуропа және әлем чемпионы, ауыр салмақтағы бұрынғы ProFC чемпионы Александром Емельяненкомен келісімшартқа отырды. Енді ол «Ахмат» ауыр салмақ файтерлерінің арасында төбелеседі. Александр өз дивизионында қызықты жекпе-жектер көрсетеді деген үміттеміз. Мен бәрімізді құттықтаймын! Себебі WFCA дәрежесі өсуде», - деді «Ахмат» клубының президенті Абузайд Висмурадов. <br /><br />
Емельяненко алғашқы кездесуін WFCA 35 аясында Қарағанды қаласында 1 сәуірде Джефф Монсонға қарсы өткізеді.
Айта кетейік, файтер 2015 жылы 4,5 жылға бас бостандығынан айырылған. Алайда, 2016 жылы Воронеждің облыстық соты Емельяненкоға екі жылдық қоғамдық жұмыстарын істетуге міндеттеп, түрмеден шығарды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или