Анчелотти: «Ламның мансабын аяқтау жайлы райынан қайтарғым келді»
«Баварияның» бас бапкері Карло Анчелотти команда капитаны Филипп Ламның мансабын аяқтау жайлы шешімі туралы не ойлайтынын айтты.
«Мен Филиппен сөйлестім. Оны райынан қайтарғым келді. Бірақ ол соңғы ойындарда 100 пайызға барын салатынын айтты.
Ол сияқты қорғаушыны табу қиынға соғады. Бірақ бұл келесі маусымның мәселесі», – деп Анчелоттидің сөзін Goal.com жеткізді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или