Роналдудың досы екі жылға сотталды
Атақты кикбоксшы Бадр Хари бірнеше рет адамдарды тонағаны үшін екі жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Нидерландия сотының баспасөз қызметі.
32 жастағы кикбоксшының ұлты мароккандық болғанымен Нидерландия азаматы болып табылады. Бейресми ақпарат бойынша Роналду мен Хариді сексуалды қарым-қатынаста, деп бірнеше еуропалық басылымдар айтқан. 8-ші қаңтар күні Нидерландияның Жоғарғы соты файтерге қатысты үкімін шығарды. Харидің 2012 жылы Амстердам қаласында жасаған шабуылдары дәлелденіп, сот төрелігі оны 2 жылға бас бостандығынан айырды. Екі жыл бұрын Роналдудың досы түрмеде басқа айыбы үшін отырып шыққан. Абақтыда танымал спортшы тек жарты жыл отырады. Қалған бір жарым жылын бостандықта шартты түрде өтейді.
<br />Айта кетейік, сот ісіне айыпталушының өзі қатыспады.
Естеріңізге салайық, Бадр Хари кикбокстен әлем чемпионы. Ауыр салмақта өнер көрсетеді. Әйгілі Криштиану Роналдудың досы және серіктесі.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или