Тимощук спорттық мансабын аяқтады

Тимощук спорттық мансабын аяқтады

Алматылық «Қайрат» пен Украина құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Анатолий Тимощук спорттық мансабын аяқтағанын хабарлады.

«Ешқандай клуб қарастырғаным жоқ. Өзімнің спорттық мансабымды аяқтап, біраз демалыс алғанды жөн көрдім. Жаңа мансабым жайлы ойланамын. Жақын күндері барлық сұрақтың жауабы табылар. Бапкерлік қызмет ұсынып жатқандар көп. Маған қызығушылық танытқан клубтар болды, алайда менің спорттық мансабым осымен тәмәм. Ендігі кезекте жас футболшыларға табысқа қол жеткізулеріне көмектесетін боламын», – деді Тимощук «Футбол 1» арнасының эфирінде.

«Қайратпен» Тимощук Қазақстан кубогында жеңіске жетіп, екі рет Қазақстан біріншілігінде күміс жүлде иеленді.

«Қайраттан» өзге Тимощук «Волынь», «Шахтер», «Бавария», «Зенит» клубтарында ойнады. Украина ұлттық құрамасы үшін 144 ойын өткізді.

6a018bc1310dde5da8956ee88417256c.jpg

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или