Адам Лаллана жақында «Ливерпульмен» жаңа келісім шартқа отырады
«Ливерпульдің» жартылай қорғаушысы Адам Лаллана жақын күндері клубпен келісім шартын ұзартады, деп хабарлайды The Telegraph.
Дереккөздің мәліметінше, екі жақ жаңа келісімге келген. Жаңа келісім шарт ойыншы мен клуб арасын 2021-ші жылға дейін байланыстырады. Ендігі жерде Адам Лаллана аптасына 150 мың фунт стерлинг алатын болады.
Англия құрамасының ойыншысы Адам Лаллана «Ливерпульге» «Саутгемптоннан» 2014-ші жылы ауысқан болатын. Содан бері «Ливерпуль» үшін 76 ойынға қатысып, 16 гол соққан.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или