«Тараз» Түркияға ОЖЖ-ға аттанды

«Тараз» Түркияға ОЖЖ-ға аттанды

Кеше «Тараз» кезекті ОЖЖ-ын өткізу үшін Түркия жеріне аттанып кетті.

Олар бұған дейін Тараз және Шымкент қалаларында жаңа маусымға дайындықтарын пысықтаған болатын. ОЖЖ-ы 10-шы ақпан мен 27-ші ақпан аралығында өтеді.

Жиын барысында әдеттегідей өзге команда ойыншыларымен кездесіп, тәжірибе алмасады. Осы екі апта аралығында «Тараз» футбол клубы Қазақстан Премьер-Лига ойындарына дайындалып үлгеруі керек. Әзірге команда мен бас бапкер алдында аз уақыт ішінде көп жұмыс атқару міндеті тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или