«Ордабасы» ташкенттік «Локомотивті» ұтты (ФОТО)
«Ордабасы» Түркиядағы ОЖЖ аясында ташкенттік «Локомотив» клубымен жолдастық кездесу өткізіп, 2:1 есебімен жеңіске жетті.
Бұл ойында шымкенттік команда үшін Танат Нөсербаев пен Еркебұлан Тұңғышбаев гол соқты.
Ойынды көруге келгендер арасында ҚФФ-ның президенті Сейділдә Байшақов болды. Сондай-ақ, ұлттық құраманың бапкері Талғат Байсуфинов пен оның көмекшісі Нұркен Мазбаев және жастар құрамасының бас бапкері Владимир Никитенко да ойынды бақылады. 

Жолдастық кездесу<br />«Ордабасы» - «Локомотив» (Ташкент) 2:1 (1:1)<br />Голдар: Бабаджанов 28, Нөсербаев 35, Тұңғышбаев 58<br />Ордабасы: Бекбаев, Төлебек (Тұрсынбай,74), Яничич (Мұхтаров,74), Гашпуйтис (Абдулин,46), Қожабаев (Адырбеков,46), Смаков (Ерланов,82), Бейсенов (Жаксыбаев,74), Тұңғышбаев, Жұмаханов (Әшірбеков,65), Бочаров, Нөсербаев (Бөлешев,65).







