«Жетісу» Шымкенттегі ОЖЖ-ын аяқтады

«Жетісу» Шымкенттегі ОЖЖ-ын аяқтады

«Жетісу» футбол клубының Шымкенттегі екінші ОЖЖ аяқталды.

Жиын барысында жетісулықтар жергілікті бірінші және екінші лигада ойнайтын екі командамен жолдастық кездесу өткізді. «Ордабасы-U21» командасымен болған ойында «Жетісу» 5:1 есебімен жеңіске жетті.

Бірінші лигада ойнайтын «Мақтаарал» командасымен болған ойын да 5:1 есебімен аяқталды. Бұл ойында жетісу сапынан Роман Павинич, Сергей Гридин, Сабырхан Ибраев бірден гол соқса, Вячеслав Сердюков екі гол соқты. Қарсылас команда тек «Жетісу» қақпасына белгіленген пенальтидің арқасында бір гол соға алды.

«Жетісу» командасы келесі ОЖЖ-ын 17-ші ақпанда бастайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или