«BISHKEK OPEN» турнирінде жерлестеріміз топ жарды
Қырғызстанның астанасы Бішкек қаласында каратэ-додан өткен WKF «BISHKEK OPEN» Х халықаралық турнирінен батысқазақстандық каратэшілер олжалы оралды, деп хабарлайды жергілікті басылымдар. <br /><br />БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке сүйенсек, аталмыш жарысқа Тәжікстан, Өзбекстан, Ресей, Украина, Қазақстан, Түркменстан, Қырғызстан елдерінен 1200 спортшы қатысты. БҚО құрамасы сапында 7 спортшы өнер көрсетсе, соның ішінде жастар арасында 55 кг салмақта Дархан Темірәлиев күміс жүлдегер атанса, Әсет Мағалымов үшінші орынды иеленді. Ал Нұрислам Қайырғалиев 27 кг салмақта алты қарсыласын ұтып, тек бір спортшыға жол беріп, қола жүлдені иеленді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или