Гашпуйтис пен Яничич «Ордабасыда» байқауда жүр
Шымкенттік клубтың оқу-жаттығу жиынына литвалық қорғаушы Витас Гашпуйтис және сербиялық жартылай қорғаушы Неманья Яничич қосылды.
Гашпуйтис «Шайляй» футбол клубының түлегі. Былтырғы маусымды қорғаушы «Атлантас» сапында өткізді. Гашпуйтис Литва чемпионатында жалпы 94 кездесуге қатысып, бес гол соққан болатын.
Яничич болса черногориялық «Могреннің» түлегі екен. 2011 мен 2014 жылдар аралығында сербиялық «Бежания» мен «Напредакта» өнер көрсетті. Неманья былтыр өзбекстандық «Локомотивтің» намысын қорғады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или