Қайрат Боранбаев УЕФА-ның атқарушы комитетінің құрамына енуі мүмкін

Қайрат Боранбаев УЕФА-ның атқарушы комитетінің құрамына енуі мүмкін

УЕФА-ның атқарушы комитеті 5-ші сәуір күні Хельсинкидегі конгрессте өтетін сайлауға үміткерлердің тізімін жариялады, деп хабарлайды ұйымның баспасөз қызметі. 

УЕФА-ның атқарушы комитетіндегі бос 8 орынға 13 үміткер таласқа түспек. Бұлардың барлығы ұлттық ассоциациялардың өкілдері. Сайланған үміткерлер 2017-2021 жылдар аралығында қызмет етеді.

Үміткерлер тізімі: Збигнев Бонек(Польша), Қайрат Боранбаев (Қазақстан), Джон Дилейни (Ирландия), Арманд Дука (Албания), Дэвид Гилл (Англия), Райнхард Гриндель (Германия), Мариос Лефкаритис (Кипр), Эльхан Мамедов (Әзірбайжан), Карл-Эрик Нильссон (Швеция), Киран О'Коннор (Уэльс), Микеле Ува (Италия), Михаэль ван Праг (Нидерланды), Сервет Ярдимчи (Түркия).


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или