ПСЖ Серхио Агуэроны сатып алмайтын болды
Manchester Evening News басылымның хабарлауынша, ПСЖ клубының басшылығы «Манчестер Ситидің» шабуылшысы Серхио Агуэроны сатып алу жоспарынан бас тартты.
Бұған дейін франциялық клуб аргентиналық футболшыға ұсыныс жасайды деген хабар болған, ал англиялық клуб өз ойыншысын 80 миллион фунт стерлингке бағалаған. 19 жасар бразилиялық Габриэль Жезуштың командаға келуіне байланысты Агуэро негізгі құрамдағы орнын жоғалтқан.
ПСЖ клубы аргентиналық шабуылшыға қызықпайды. Эдинсон Каваниға жұп болатындай әмбебап шабуылшы іздеуде, деп хабарлайды британиялық БАҚ өкілдері.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или