Аустралиялық қақпашы нәсілшілдігі үшін бес ойынға жазаланды

Аустралиялық қақпашы нәсілшілдігі үшін бес ойынға жазаланды

Аустралиялық «Мельбурн Ситидің» қақпашысы Дин Бузанис нәсілшілдігі үшін бес матчқа алаңнан шеттетілді.

«Мельбурн Викториге» (1:2) қарсы матчта Бузанис қарсыластың косоволық шабуылшысы Бесарт Беришуді «қарғыс атқан сығандар» деп атаған. Дин кейін бұл сөзі үшін кешірім сұрады, тәртіптік бақылау да мұны ескерді.

«Алаңда және одан тыс кезде менің әр ісім сабақ алғанымды көрсетеді. Аустралиялық жанкүйерлер мен футбол одағынан кешірім сұраймын», - деді Бузанис.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или