Хижниченко жаңа клубында нәтижелі пас берді
Қазақстан ұлттық құрамасы мен белорусьтік «Шахтердің» шабуылшысы Сергей Хижниченко украиналық «Карпаты» клубына қарсы жолдастық матчтарға қатысты.
Солигорскілік «Шахтер» «Карпатыға» қарсы екі жолдастық ойын өткізді. Алғашқы матчта украиналықтар 1:0 есебімен жеңіске жетті. Хижниченко бұл матчта негізгі құрамда шықты.
Ал екінші ойында қазақстандық форвард қосалқы құрамда қалды, бірақ матч барысында алаңға шығып, нәтижелі пас берді. Бұл кездесуде жеңімпаз анықталған жоқ – 2:2.
Айта кетейік, Хижниченко – өскемендік футболдың түлегі. Қазақстанда «Восток», «Локомотив», «Атырау», «Шахтер», «Ақтөбе» және «Тобыл» клубтарында ойнады. Сондай-ақ, Польша чемпионатында «Корона» сапында өнер көрсетті.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или