«Барселона» кубоктың финалын «Сантьяго Бернабеуде» ойнағысы келеді

«Барселона» кубоктың финалын «Сантьяго Бернабеуде» ойнағысы келеді

«Барселона» Испания кубогы финалының өтетін орнын ойластыруда.

Don Balon ақпаратынша, каталондық клуб өзінің дәстүрінен жаңылмай, финалдық ойынның «Сантьяго Бернабеуде» өткенін талап етіп отыр.

«Барселона» клубының ойынша, финалдық ойынды өткізуге «Сантьяго Бернабеуден» артық жер жоқ. Сондай ақ, каталондық клуб өздерінің басты қарсыластарының алаңында жеңіске жетіп, мақтанып қалуды артық көрмейді.

Алайда, «Реал» клубы бұл ұсыныста қабыл ала қоюы екі талай. Себебі, бұған дейін де «Барселона» «Реал» клубы финалға жете алмай қалған кездерде осындай ұсыныс жасаған. Бірақ, «Реал» өкілдері үнемі бұл сұраныстарына қанағаттандырмай тастаған.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или