Маскерано ПСЖ-мен болатын алғашқы ойынға қатыспайды
«Барселона» қорғаушысы Хавьер Маскерано жарақатына байланысты Чемпиондар лигасының 1/8 финалындағы ПСЖ-мен болатын алғашқы ойынға қатыса алмайды, деп хабарлайды AS.
Дереккөздің хабарлауынша, жарақатынан айығу үшін қорғаушыға 15 – 20 күн керек. Сондықтан ол Испания біріншілігіндегі «Алавеске» қарсы ойында ғана емес, Чемпиондар лигасындағы ПСЖ-мен болатын алғашқы ойында да командасына көмектесе алмайды.
Маскерано Испания кубогының жартылай финалындағы «Атлетикомен» болған қарымта кездесуде жарақат алып қалды. Бұл ойын 1:1 есебімен аяқталып, «Барселона» Испания кубогының финалына шыққан болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или