«Арсеналдың» ойыншысы «Қайратқа» ауысуы мүмкін

«Арсеналдың» ойыншысы «Қайратқа» ауысуы мүмкін

Алматылық «Қайрат» Түркиядағы оқу-жаттығу жиынында 25 жастағы футболшы Фелисио Браун Форбсті байқаудан өткізіп жатыр.

Ол соңғы жылдары тулалық «Арсенал» сапында ойнаған. Германияның жастар құрамасында және Коста-Риканың ұлттық командасында өнер көрсеткен.

2013 жылға дейін неміс клубтарында ойнады. Кейін Ресей чемпионатына ауысып, «Крылья Советов», «Уфа», «Ростовтың» намысын қорғаған. Былтыр қаңтарда тулалық «Арсеналдың» ойыншысы атанып, 14 матчта 2 гол соқты.

Ол көбіне қорғаныстың оң қапталында ойнайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или