Италиялық футболшы әйелін өлтірген адамнан кегін алды
Жартылай кәсіпқой лигада ойнайтын италиялық футболшы Фабио ди Лелло әйелін қағып, өлтіріп кеткен адамнан кек алды.
Былтыр жазда Итало Д’Элис бағдаршамның қызыл түсіне қарамай, жолдан өтіп бара жатып Роберта Смаргиассиді қағып кеткен. Соның салдарынан 33 жастағы Роберто қайтыс болды.
Фабио ди Лелло жарынан айырылған соң, оны өлтірген адамнан кегін қайтарды. Васто қаласында ол Д’Элиске тапаншасымен бірнеше рет оқ жаудырған. Артынша, тапаншасын әйелінің моласына тастап кетіп, полицияға өз еркімен берілді.
Италиялық футболшының адвокаты The Telegraph-ке берген сұхбатында оның кек алуды жоспары жайлы айтты: «Ол кек алуды мақсат қылып жүргенін білген жоқпын. Қатты таңқалып отырмын. Ол ешқашан мұндай қаруды ұстап көрмеген еді».
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или