Андрей Аршавин – АПЛ тарихындағы үздік легионерлер қатарында

Андрей Аршавин – АПЛ тарихындағы үздік легионерлер қатарында

«Қайрат» клубының ойыншысы Андрей Аршавин FourFourTwo журналы жасаған АПЛ тарихындағы үздік жүз легионерлер қатарына енді.

Тізімде «Арсеналдың» бұрынғы ойыншысы 91-ші орынға тұрақтаған. FourFourTwo журналы әзіре тізімнің алғашқы бөлігін ғана жариялаған. Аршавиннен өзге тізімге тағы бір ресейлік футболшы «Манчестер Юнайтед», «Эвертон» және «Манчестер Сити» сапында ойнаған Андрей Канчельскисте енген. Ол тізімде 98-ші орында.

Айта кетейік, Андрей Аршавин «Арсеналда» төрт жыл доп тепті. Ол 105 ойынға қатысып, 23 гол мен 16 нәтижелі пастың авторы атанды. Жанкүйерлердің есінде Аршавиннің «Ливерпуль» қақпасына покер жасағаны қалды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или