«Манчестер Сити» Агуэро кеткен жағдайда Обамеянгты сатып алуы мүмкін
Испаниялық басылымдардың хабарлауынша, «Реал» клубы «Манчестер Сити» құрамына іліне алмай қалған шабуылшы Серхио Агуэроның жағдайын бақылап отыр.
Жазғы трансферлік ауысым кезінде мадридтік клуб Серхио Агуэроға ұсыныс жасауы мүмкін деген сыбыс бар.
Егер «Манчестер Сити» Агуэроны сататын болса онда олар дортмундтық «Боруссия» шабуылшысы Пьер-Эмерик Обамеянгқа құда түспек.
Тағы бір айта кетерлігі, Мессидің жақын досы болып табылатын Агуэроға «Барселона» де қызығып отыр. Олар Агуэроны сатып алу арқылы Мессимен жаңа келісім шартқа келмек.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или