Испаниялық қақпашы өз иелігінде тұрып, жеңіс голын соқты

Испаниялық қақпашы өз иелігінде тұрып, жеңіс голын соқты

Испаниялық «Посуэло Аларкон» клубының қақпашысы Сальва өз иелігінен соққы жасап, қарсылас қақпасына гол соғып кетті.

«Вильянуэво дель Пардильоға» қарсы матч болатын. Сальваның командасы минималды есеппен жеңіске жетті, ал қақпашы ойынның басты қаһарманы атанды. Голкипер жеңіс голын өз қақпасында тұрып соқты, бір қызығы, доп қонақтар қақпашысының екі аяғының ортасынан өтіп кетті.

Айта кетейік, матч күні қатты жел болған, сондықтан осындай голдың соғылуына жел себеп болған шығар.

Бұл командалар Испанияның төртінші дивизионында өнер көрсетеді.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или