«Ертіс» «Нефтехимиктен» ұтылды

«Ертіс» «Нефтехимиктен» ұтылды

Керекулік «Ертіс» нижнекамскілік «Нефтехимик» командасымен жолдастық кездесу өткізді.

 
Аталмыш ойында «Ертіс» клубы екі құрамамен өнер көрсетті. Бірінші таймда негізгі құраммен ойнап, пенальтиден есепте ашты. Екінші таймда қазақстандық клуб алаңға байқауға келген ойыншыларын шығарды. Ойынның екінші жартысының басында керекулік ұжым есепті еселесе, нижнекамскілік команда қатарынан үш доп соғып жеңісті жұлып алды. Қортынды нәтиже 2:3 «Нефтехимик» пайдасына.
 
Айта кетейік, «Ертіс» ОЖЖ аясында соңғы жолдастық кездесуін 8 ақпан күні македониялық «Вардар» клубына қарсы өткізеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или