«Ордабасы» клубында жаңа бапкер
«Ордабасы» клубына бапкер болып Алексей Петрушин тағайындалды, деп хабарлайды шымкенттік клубтың баспасөз қызметі.
Ресейлік маман мәскеулік «Динамо», «Шинник», «Химки», минскілік «Динамо», алматылық «Қайрат» клубтарындағы қызметі арқылы танылған.
Оның соңғы жұмыс орны семейлік «Спартак» клубы болатын. Алексей Петрушин ол қызметін 2015-ші жылы тастап кеткен болатын.
Естеріңізге салсақ, команданың бас бапкері Бахтия Байсеиітов клубтың президенті қызметіне ауысқан соң клуб бас бапкерсіз қалған болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или