Буркина-Фасо құрамасы АҰК – ның қола жүлдегері
Африка ұлттар кубогының үшінші орын үшін өткен ойынында Буркина-Фасо құрамасы Гананы ұтып қола жүлдегер атанды. Ойын есебі - 1:0.
Жеңіс алып келген голды Буркина-Фасо құрамасының ойыншысы Ален Траоре ойынның 89-ші минутында соқты.
Буркина-Фасо – Гана – 1:0 (0:0)<br />Гол: Ал. Траоре 89.
Буркина-Фасо: Коффи, Коне, Яго, Дайо, Кулибали (Мало 83), Ал. Траоре, Каборе (Гира 88), Накульма, Б. Траоре, Туре, Бансе (Баяла 73).
Гана: Офори Антви, Аффул, Менса, Йадом, Агьеманг-Баду, Амарти, Парти, Офори, Дж. Айю (Атсу 75), Тетте (Гьян 65), Текпетей (А. Айю 70).
Африка ұлттар кубогының финалдық кездесуі ертең өтеді. Финалда Камерун мен Мысыр құрамалары ойнайды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или