Зинедин Зидан: «Мората командадан кету туралы ойламайды»

Зинедин Зидан: «Мората командадан кету туралы ойламайды»

«Реал» командасының бас бапкері Зинедин Зидан Альваро Мората командадан кетуі мүмкін деген сыбысқа байланысты ойын білдірді.

«Мората командадағы жағдайды түсінеді деп ойлаймын. Барлық ойыншы сияқты ол да алаңда көп ойнағысы келеді. Ол алаңға шығып, өзін дәлелдейтін мүмкіндікке ие болады. Алайда, дәл мынанша уақыт ойнайды деп кесіп айта алмаймын. Ол командадан кету туралы ойламайды. Себебі, оның үйі осы жер», — деген Зиданның сөзін Goal интернет-порталы жеткізеді.

Биылғы маусымда Альваро Мората Испания біріншілігінде 14 ойын өткізді. Оның алтауында негізгі құрамда алаңға шықты. Өзі қатысқан ойындарда алты гол соғып екі голдық пас берген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или