Астана УЕФА Суперкубогы мен Чемпиондар лигасының финалын өткізу үшін байқауға түседі

Астана УЕФА Суперкубогы мен Чемпиондар лигасының финалын өткізу үшін байқауға түседі

Астана әйелдер арасындағы УЕФА Суперкубогы мен УЕФА чемпиондар лигасының 2018/19 маусымындағы финалын өткізу үшін байқауға түсті, деп хабарлайды УЕФА сайты. 

«Астана-Аренадан» бөлек, УЕФА Суперкубогы үшін өтетін матчты қабылдауға  Тулуза (Франция), Стамбул (Туркия), Глазго (Шотландия), Варшава мен Гданьск (екеуі де – Польша), Будапешт (Венгрия), Хайфа (Израиль), Белфаст (Солтүсттік Ирландия) мен Тирана (Албания) таласады.

Ал әйелдер арасындағы Чемпиондар лигасының финалын өткізу мүмкіндігі үшін Мадрид (Испания), Прага (Чехия), Глазго (Шотландия), Будапешт (Венгрия), Каунас (Литва) таласқа түспек.

УЕФА  бұл мәселе бойынша 2017 жылдың қыркүйек айында ғана шешім шығарады. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или