Эвра «Ювентустың» жаттығуында болып қайтты

Эвра «Ювентустың» жаттығуында болып қайтты

«Марсель» клубына ауысқан «Ювентустың» бұрынғы қорғаушысы Патрис Эвра бұрынғы командаластарын көріп қайтты.

«Ювентус» Италияның А сериясының 23 турында «Интерге» қарсы ойынға дайындалып жатыр. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

Эвра Франция кубогының 1/16 финалында «Лионмен» болған ойында жарақат алып қалған болатын. Жарақатына байланысты 10–15 күн алаңға шыға алмайды. Осы мүмкіндікті пайдаланған қорғаушы бұрынғы командаластарына барып қайтуды жөн көрген.

Айта кетсек, бесінші ақпанда өтетін «Ювентус» пен «Интер» арасындағы ойынға жарақатына байланысты қорғаушы Андреа Барцальи қатыса алмайды.

Ойын астана уақытымен 01:45 те басталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или