Қазақстан Премьер-лигасында «Алтайдың» орнына «Тараз» клубы ойнайды

Қазақстан Премьер-лигасында  «Алтайдың» орнына «Тараз» клубы ойнайды

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы шығыс қазақстандық «Алтай» футбол клубын Премьер-лигаға қатысатын командалардың арасынан шығарып тастады.

Биыл ғана Премьер-лигаға жолдама алған клубты ел біріншілігінен шығарудың басты себебі команда сертификатының дұрыс болмауы екен. Клуб жастар мен жасөсіпірімдер және 9 жас мөлшерінде 14 команда құруы керек болған. Бірақ клуб бұл талаптарды орындамаған. 

Сонымен қатар, клубтың Екінші лигада өнер көрсететін құрамы да болуы керек. Алайда «Алтайда» ол да жоқ. 

«Алтайдың» орнына Премьер-лигада «Тараз» клубы ойнайтын болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или