Жансая Әбдімәлік «Miss Chess Eurasia» байқауында жеңіске жетті

Жансая Әбдімәлік «Miss Chess Eurasia» байқауында жеңіске жетті

Қазақстандық шахматшы Жансая Әбдімәлік Еуразияның ең әдемі шахматшысы атанды, деп хабарлайды байқаудың ресми сайты.

Байқаудың ресми сайтындағы дауыс беру бүгін аяқталды, нәтижесінде қазақстандық шахматшы қызға 9136 адам дауыс берген. Осылайша, Жансая өзінің басты қарсыласы - өзбекстандық шахматшы Сарвиноз Курбонбоевадан 1288 дауыс артық жинады. 

Дауыс беру нәтижесінде, екінші орын Өзбекстан шахматшысы Сарвиноз Курбонбоеваға (7848 дауыс), үшінші орын тәжікстандық Мутриба Хотамиге (653 дауыс) бұйырды. 
 
Айта кетейік, 17 жасар қазақстандық Жансая Әбдімәлік - әйелдер арасында халықаралық дәрежедегі гроссмейстер. Ол әзірге Top 100 Women January 2017 тізімінде 43 орында тұр.<br /><br />
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или