Чалханоглу маусым соңына дейін жасыл алаңға шықпайды
FIFA «Байердің» жартылай қорғаушысы Хакан Чалханоглуды трансферлік заңды бұзғаны үшін қатаң жазалады.
Бундеслиганың ресми сайтына сүйенсек, 22 жастағы түркиялық футболшы 2011-ші жылы «Карлсруэде» ойнаған кезінде «Трабзонспормен» келісімге келген болатын, бірақ кейін өзінің командасымен келісімшартты ұзартып, артынша «Гамбургқа» ауысқан еді. Хаканның осы әрекеті үшін FIFA оны төрт айға спорттан шеттетті.
Осылайша, Чахланоглу енді маусым соңына дейін өз командасына көмектесе алмайды. Биыл түркиялық футболшы Германия чемпионатында 15 матч өткізіп, алты гол соққан болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или