«Тобылдың» бұрынғы ойыншысы «Анжиге» ауысты

«Тобылдың» бұрынғы ойыншысы «Анжиге» ауысты

Шабуылшы Шамиль Асильдаров  «Анжимен» келісімшартқа отырды, деп хабарлайды махачкалалық клубтың баспасөз қызметі.  

Келісімшарт бір жылға жасалған. 

Асильдаров «Анжиге» үшінші рет келіп отыр. Осыған дейін ол 2008, 2014/15 жылдардағы маусымда клуб намысын қорғаған болатын. 

Футболшы жалпы саны «Анжи» үшін 53 матч өткізіп, 15 гол соққан.

Естеріңізге сала кетейін, өткен маусымның екінші жартысын Шамиль Асильдаров «Тобылда» өткізген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или