Фрэнк Лэмпард футболшы мансабын аяқтады
Футболдан Англия құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Фрэнк Лэмпард үлкен спортпен қош айтысты.
Бұл туралы футболшының өзі Инстаграмм-дағы ресми парақшасында хабарлады.
- 21 жыл өткізген керемет мансабымнан кейін үлкен спорттан кететін уақыт келді. Англиялық командалардан ұсыныстар болды, бірақ мен өмірімнің жаңа бөлімін ашпақшымын, - деп жазды 38 жастағы Лэмпард.
Естеріңізге сала кетсек, Фрэнк лондондық «Челси», «Манчестер Сити», «Вест Хэм Юнайтед» және «Нью-Йорк Сити» клубтарында өнер көрсеткен.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или