Таксист – Макгрегорға: «Сен Мейуэзер былай тұрсын, мені де жеңе алмайсың»
Бұрынғы боксшы, бүгінде таксист болып жұмыс істейтін Адам Вайнант UFC чемпионы Конор Макгрегормен болған қызықты оқиға туралы айтты.
«Мен алты ай бұрын Макгрегор мен бір қызды Лас-Вегастағы қонақүйге алып бардым. Бірақ ол кезде оның Макгрегор екенін білген жоқпын. Конор сайтта жекпе-жектер туралы ақпараттарды көріп, Макгрегордың Флойд Мейуэзерді кездесуге шақырғанына қалай қарайтынымды сұрады. Мен: «Конор рингте ұлы боксшылардың бірі былай тұрсын, мені де жеңе алмайды» деп жауап қаттым.
Ол үндемей шығып кетті. Есікті жауып жатып: «Мен Конор Макгрегормын» деді. Мен өз пікірімде қалатынымды айттым. Ол қолымды алды да, кетіп қалды. Батылдығыма риза болған шығар», - деді Вайнант.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или