Африка ұлттары кубогы. Мысыр - финалда

Африка ұлттары кубогы. Мысыр - финалда

Габонда өтіп жатқан Африка ұлттары кубогының жартылай финалында Буркина-Фасо мен Мысыр құрамалары күш сынасты.

Ойынның негізгі уақыты 1:1 есебімен аяқталды. Мухаммед Салахтың соққан голына Мысыр сапында Аристид Бансе жауап қатты. Ал пенальти сериясында мысырлық ұжым жеңіске жетті.

Айта кетейік, Бансе бұрын павлодарлық «Ертісте» ойнаған болатын.

Жартылай финалдың екінші матчында Гана мен Камерун құрамалары кездеседі.

Буркина-Фасо — Мысыр — 1:1 (пенальтиден — 3:4)<br />ГолдарСалах, 66 (0:1), Бансе, 73 (1:1)

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или