Дидар Жалмұқан: «Негізгі құрамдағы орын үшін тартысуға дайынмын»

Дидар Жалмұқан: «Негізгі құрамдағы орын үшін тартысуға дайынмын»

«Астана» футбол клубы Біріккен Араб Әмірлігіндегі оқу-жаттығу жиынын аяқтады.

ОЖЖ-дағы соңғы ойында Станимир Стойловтың командасы Азия Чемпиондар лигасының жеңімпазы «Чонбук Хендайды» 3:0 есебімен ұтты.

Кореялық ұжымның қақпасына үшінші голды соққан шабуылшы Дидар Жалмұқан елордалық клубтың баспасөз-қызметіне сұхбат берді.

- Матч өте ауыр болды. «Чонбук Хендайдың» жылдам футбол ойнайтынын білдік, шебер ойыншылары көп екен. Бапкерлік құрамның барлық нұсқауларын орындап, басым жеңіске қол жеткізе алдық.  

- Кешегі ойында соққан голың сен үшін қаншалықты маңызды?

- Әрине, мұндай мықты командаға гол соғуым өз-өзіме деген сенімділігімді арттырады. Бірақ, мен үшін ең бастысы – бұл команданың жеңісі.

- «Астанаға» жақында ғана қосылдың. Команда сені қалай қарсы алды?

- Команда мені жылы қарсы алды. Бұған дейін де «Астананың» көп ойыншыларымен таныс болғанмын.  

- «Астанадағы» бәсекелестікке қаншалықты дайынсың?

- Негізгі құрамдағы орын үшін тартысуға дайынмын. Бәсекелестік клубқа да, ойыншыға да пайдалы.

- Сен әмбебап шабуылшы екенсің. Өзіне қай позицияда ойнаған көп ұнайды?

- Негізі, қапталда ойнаған ұнайды. Алайда маған команданың мақсаты маңыздырақ. Бас бапкер қай позицияға қойса, сол жерде ойнауға дайынмын.

 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или